Егер сіз осы бетке тап болсаңыз, камераға қолжетімділік берумен қиындық туындаған болуы мүмкін. 



Шолу 

Бұл нұсқаулық сіздің сценарийіңізге байланысты камераға қолжетімділік берудегі қиындықты анықтап, жоюға көмектеседі. 

Браузерде немесе мобильді құрылғыда видео-тексеру кезеңінен өту барысында туындайтын түрлі қателер бар. Төменде камерамен байланысты жалпы проблемалар келтірілген, танысып шығып, өз қондырғыңызда олардың барлығының жойылғанына көз жеткізіңіз: 

  • Сіз сервис сұратуы кезінде “Бұғаттау” түймешігін басып, камераны пайдалануға рұқсат беруден бас тарттыңыз  - Браузер баптауларында “Рұқсат беру” түймешігін басып, камераны пайдалануға қолжетімділік беру керек

  • Мобильді құрылғыңыздың операциялық жүйесінің немесе браузердің баптаулары сіздің веб-камераңызды немесе мобильді құрылғы камерасын пайдалануға бұғат қойған  - Құрылғының операциялық жүйесінде камераны басқа қолданбалардың пайдалануына рұқсат беріңіз;

  • Жүйе әкімшісі немесе әкімшінің баптаулары сізге веб-камераны белгілі бір сайттарда пайдалануға рұқсат бермейді  - Өз ұйымыңыздың техникалық қолдау қызметіне жүгіну не болмаса ұйымыңыздың әкімшісіне жазу керек; 

  • Қандай да бір браузерде немесе қосулы қолданбада сіздің веб-камераңызды басқа сервистердің пайдалануына рұқсат бермейтін веб-камера қолданылуда  - Қазіргі сәтте веб-камераны пайдаланып жатқан қолданбалардың барлығын жабыңыз;

  • Сіздің камераңыз бұл браузерде немесе девайста пайдаланыла алмайды - Басқа браузерге немесе басқа девайсқа өту қажет. 


Егер жоғарыда көрсетілген проблемалардың барлығын жойғаныңызға қарамастан,  бәрібір камераны қоса алмай жатсаңыз, құрылғы, ОЖ және браузер жөніндегі ақпаратты сипаттамада көрсете отырып, бізге жазыңыз, мәселеңізді шешуге көмектесеміз. 


Түрлі құрылғылар мен браузерлер үшін камераны баптау нұсқаулығы 

Төменде түрлі құрылғылар мен браузерлер үшін камераға қолжетімділікті баптау нұсқаулықтарына сілтемелер берілген.  Құрылғыңыз бен браузеріңіздің типін таңдап, нұсқаулықта көрсетілген нақты қадамдарды орындаңыз. 


Платформалар 


Windows 10 - Windows 10-да камера қолжетімділігін баптау   


Android - Android құрылғыларында камера қолжетімділігін баптау

iOS - Құрылғыларда камераны пайдалану  


Браузерлер


Google Chrome - Google Chrome браузерінде камераға қолжетімділікті баптау  


Mozilla Firefox - Mozilla Firefox браузерінде камераға қолжетімділікті баптау 


Safari - Safari браузерінде камераға қолжетімділікті баптау 


Opera - Opera браузерінде камера қолжетімділігін баптау  


Edge - Microsoft Edge браузерінде камера қолжетімділігін баптау 


Yandex browser - Yandex браузерінде камера қолжетімділігін баптау