Егер осындай проблемаға тап болсаңыз, сізге бұрын енгізген ЖСН-ді қайта тексеріп, бұл сіздің ЖСН-іңіз екеніне және дұрыс ЖСН енгізіп жатқаныңызға көз жеткізу қажет.



    Егер дұрыс ЖСН енгізсеңіз, бірақ қате әлі де болса қайталанса, сізге бұрын Digital ID-де басқа телефон нөмірімен тіркелгеніңізді-тіркелмегеніңізді еске түсіру қажет. Бәлкім, әлдекім сізге көмектесіп, өз телефон нөмірін енгізген шығар немесе сіз тіркелу кезінде басқа телефон нөміріңізді қолданған шығарсыз.

- Егер тіркелген болсаңыз және ескі телефон нөміріне қол жеткізе алсаңыз, бірақ жаңа телефон нөміріне ауысқыңыз келсе, онда ескі нөмірдегі Digital ID-ді өшіріп тастаңыз.  

Сізге ескі номер бойынша Digital ID аккаунтыңызға қайта кіріп, "Деректер және қауіпсіздік" бөлімінде "Digital ID өшіру" батырмасын басып, аккаунтыңызды жою қажет. Содан соң, сіз өзіңізге жаңа немесе қолданыстағы номер арқылы жаңа Digital ID аккаунтын аша аласыз.

- Егер ескі телефон нөміріне қол жеткізу мүмкін болмаса, бірақ жаңа нөмірге тіркелгіңіз келсе, онда мына жерде өтінім қалдырыңыз. Біздің модераторларымыз сізге хабарласып, ескі телефон нөміріндегі Digital ID-ді өшіріп тастауға көмектеседі.