Егер сіз құрылғы камерасының бетті тану проблемасына тап болсаңыз, сізге жарықтың ақ дақтарсыз жақсы екеніне көз жеткізу қажет. Сонымен қатар, бейне-сәйкестендіру сапасына қойылатын талаптармен танысыңыз:

  • бет толығымен кадрда болуға және овалға сыюға тиіс;

  • фотоға түсетін адам камераға тура қарауға тиіс;

  • жарықтылық/контраст орташа болуға тиіс;

  • көз ашық болуға және көрінуге тиіс, ал шаш бетті жаппауға тиіс;

  • бет - қатаң түрде анфас «портреттік стиль»;

  • ая біртекті, ашық жарық түсірген кезде біркелкі, бетте көлеңкесіз.


Егер сіз барлық нұсқауларды орындасаңыз, бірақ сізде бейне-сәйкестендіруден өту іске аспаса, өзіңіз үшін және өзіңіздің нөміріңізбен өтіп жатқаныңызға көз жеткізіңіз. Егер тіркелген кезде сіздің нөміріңізбен бейне-сәйкестендіруден басқа адам өткен болса және сіз өзіңіздің нөміріңізбен өз бетіңізбен авторлануға тырыссаңыз, онда басқа адамнан (мысалы, ата-ана) бейне-сәйкестендіруден өтіп, Digital ID-ді өшіріп тастауды сұрау және өзіңіздің телефон нөміріңізбен өз бетіңізбен қайта тіркелу қажет.


NOTE: Өзіңіздің телефон нөміріңізде тіркелгенде, бейне-сәйкестендіруден өткен кезде (жеке басты растау) өзіңіздің бетіңізбен өту қажет. Ата-анаңыздың немесе басқа да 3-адамның бетімен емес. Өзіңіздің бетіңізді ғана пайдаланыңыз.


Егер ештеңе көмектеспесе, себебін және не істегеніңізді толық сипаттай отырып, бізге жазуыңызды өтінеміз.