Digital ID өнімін пайдалану үшін web-қосымшаны пайдалану және сәйкестендіруден өту қажет. Негізгі қадамдар:

 

  1. Телефон нөмірін растау: бұл бірінші кезең, онда смартфон иесіне өзінің мобильді телефон нөмірін көрсету қажет және код расталғаннан кейін біз одан әрі бейнесәйкестендіру қадамына көшеміз;      

  2. ЖСН еңгізу: бұл екінші кезең, онда өзіңіздің ЖСН нөмірін еңгізіп, біз оны мемлекеттік жеке тұлғалар дерекқорымен салыстырып тексеру жүргіземіз.

  3. Бейнесәйкестендіру: пайдаланушыға Liveness detection бейне-сәйкестендіруінен өтуі қажет, ол үшін жеке басты алмастыру тәсілдерінің сан алуан түрлерінен қорғауға бағытталған бірнеше тексеруден өту қажет;      

Жүйе деректерді салыстырғаннан кейін, қолданушы не автоматты түрде тіркеуден өтеді, не модерацияға түседі. Нәтижесінде модератор деректерді салыстырып,пайдаланушының тұлғасын растайды. Егер де бейнесәйкестендіру фотосы мен мемлекеттік базадағы фото сәйкес келмесе, пайдаланушы тіркеуден бас тарту себебі бар SMS хабарлама алады және оған тіркелу әрекетін қайталау қажет. 


ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР