Digital ID өнімінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мынадай қорғау деңгейлері қамтамасыз етілген:


заңнамалық – "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заңның нұсқамалары орындалады;


әкімшілік – қауіпсіздікті қамтамасыз ету стандарты ретінде ISO 27001:2013 стандарты негізге алынды;


бағдарламалық-техникалық – тікелей ақпараттық қорғау және ақпаратқа қол жеткізуді бақылау құралдары:

  • Шифрлау мен хештеудің сенімді алгоритмдері пайдаланылады;

  • API-мен өзара іс-қимыл жасау TLS v1.2 хаттамасын пайдалана отырып жүргізіледі;

  • Пайдаланушыны авторландыру өмір сүру уақыты қысқа JWT токендер арқылы қамтамасыз етіледі;

  • Дербес деректер шифрланған түрде сақталады;

  • Шифрлау кілттері кілттерді ротациялай отырып, қол жеткізуі регламенттелген мамандандырылған құпиялар қоймасында орналасады;

  • Пайдаланушыда дербес деректерді кез келген уақытта өшіріп тастау мүмкіндігімен олардың сақталуын бақылау бар;

  • API арқылы деректерді сыртқы сервиске жіберер алдында пайдаланушы жіберуге айқын рұқсат береді;

  • Дербес деректерді бұрмалау талпыныстарын анықтау үшін модерация және пост-модерация сервисінің болуы;

  • Пайдаланушылардың ақпаратқа қол жеткізу және әртүрлі операцияларды жүзеге асыру құқықтарының дискрециялық аражігін ажырату.


ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР